21.08.2024, 16:17
Оқиғалар
Сәтбаев қаласында жасөспірімдер арасында қанды төбелес болды (ВИДЕО)
16 жастағы жасөспірім 2 жігітті жарақаттаған
Сәтбаев қаласында 20 тамыз күні кәмелетке толмағандар арасында жанжал болды. 16 жастағы жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның қатысушыларын жедел анықтап, ұстады.
«16 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.
Жанжалға қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды