Қызылордада сыныптастарын жезөкшелікке салған оқушылар мектепке қайта бара ма? - министр жауап берді

Автор: Аягөз Құрмаш

Тергеудің аяқталғанын күту қажет дейді олар 

https://www.youtube.com/watch?v=Tq17hM_SflY

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке салған оқушының жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Жалпы бұл мәселелердің бәрін жіті анықтау керек. Мен облыс әкімімен де, әкімшілікпен де тығыз байланыстамын. Ұстаздарға қатысты асығыс шешім қабылданбаса дедім. Себебі бас аяғын анықтап алу керек. Қазір ішкі істер органдары да бұл мәселеде асығыстық танытпайды. Барлық мәселе бойынша жіті қарауды қажет екенін айтып отыр. Мен бұл шешіммен келісемін. Сондықтан мәселенің барлығы толыққанды анықталмай, әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін бұған өте абай болуымыз керек»,- деді Ғани Бейсембаев. 

Ал министрдің орынбасары Еділ Оспанның айтуынша, қылмыстық іс болғандықтан тергеудің соңын күту керек.

«Тергеу амалдары біткеннен кейін ғана айтылады. Бұл жерде министрлік жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Олардың оқуын жалғастыруы, жалғастырмауы тергеуден кейін белгілі болады»,- дейді ол. 

Еске салсақ, Қызылорда облысында 16 жастағы қыздың сыныптастары оны 8 ай құлдықта ұстап, жезөкшелікке салған еді.