Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы 3 адам анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Үшеуі де Іле ауданының тұрғындары

Алматы облысында тағы 3 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырағны анықталды. Үшеуі де Іле ауданының тұрғындары. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Науқастардың бәрі бұған дейін коронавирус инфекциясы табылған адамдармен байланыста болғаны үшін бақылауға алынған. ПТР-талдау қорытындысымен оларға COVID-19 диагнозы қойылды.

«Осыған дейін оқшауланған азаматтар қазіргі таңда жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Олармен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталып жатыр, кейін оқшауланып, коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдау жасалады. Осы жағдайларға қатысты эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы облысында коронавирусты жұқтырған 163 адам тіркелген.