17 тамызда Токио-Цюрих бағыты бойынша ұшып келе жатқан боинг Астанаға шұғыл қонды
Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болған Swiss әуе компаниясының жолаушысы әлі де реанимацияда жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жолаушы әлі де реанимацияда. Әрі қарай не болады? Бірер күн бұрын борт тексерістен кейін, негізделген елге қайта ұшты. Барлық жолаушы басқа әуе кемесімен межелі жерге жетті Бұл оқиғаны әуе кемесінің тіркелген елі, яғни Швейцария зерттейді»-, деп хабарлады ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев БАҚ өкілдерімен кездесуде.
Вице-министр зерттеу нәтижесі шыққан соң, оны көпшілікке жариялайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Токио-Цюрих бағыты бойынша ұшып келе жатқан боинг Астанаға шұғыл қонды. Себебі, жолаушының бірінің халі нашарлаған. Ол инсульт алды.