«Төсектес қыз керек болса, зорламай-ақ келеді»: Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады

Аягөз Құрмаш

Ол мәселенің мән-жайын анықтайтынын жеткізді

«Төсектес қыз керек болса, зорламай-ақ келеді»: Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады
Фото: Жанқош Тұраровтың instagram парақшасынан

Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын», - дейді Тұраров.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған еді. Дереккөз оқиғаның 19 тамыз күні түнгі он бірлер шамасында болғанын хабарлаған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түседі. 28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. Алматы полициясы да бұл оқиғаны растаған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.