$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нариман Құрбановтың су жаңа көлігімен үйіне келген видеосы тарады (ВИДЕО)

Көлікті Алматы әкімі Ерболат Досаев сыйлаған еді

Нариман Құрбановтың су жаңа көлігімен үйіне келген видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Алматы әкімі Ерболат Досаев сыйлаған көлігімен үйіне келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күні кеше Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік сыйлаған болатын. Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтер мен Hyundai Santa Fe автокөлігін сыйлыққа алған.

Оның осы көлікті мініп, үйіне келген сәтін анасы Альфия Құрбанова жариялаған.

«Чемпионның көлігімен үйге келді. Бұл көлік Олимпиада жүлдегерінің көлігі ғой», - деген видеодағы адам.

Еске салсақ, Олимпиада жүлдегерлері елге оралған соң сый-сияпатқа бөленбей, сыйлықсыз қалған Нариман Құрбанов жайлы көпшілік айтып, жазба жариялады.

Кейін спортшының өзі қажет болған жағдайда үйге де, көлікке де өзі қаржы табатынын жеткізді. Сондай-ақ спортшы биыл қыркүйекте шаңырақ көтеретінін айтқан еді. Оның сүйіктісі де - гимнастшы.

Серіктес жаңалықтары