2 айдан кейін күдікті қолға түсті
Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін 2 айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.