Ғимарат әкімшілігі мұны күн райының суықтығымен байланыстырды
Mega Silk Way ішінде тышқандар жүгіріп жүр. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз тазалық пен тәртіпке өте мұқият қараймыз, бірақ қаланың айналасында жазық дала бар екенін ескерсек, дала тышқандары мезгіл-мезгіл сауда орталығына кіріп алады, әсіресе, салқын мезгілде. Бұл ретте біз ғимаратта үнемі дезинфекция жүргіземіз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп жазды Mega Silk Way әкімшілігі.
Видеоға қатысты оқырман пікірі мынадай:
«Аллигатор жүгіріп бара жатқандай таң қалыпсыз. Құдай бұл жануарды біз қорқу үшін жаратқан жоқ, ол кездейсоқ ішке кіріп кеткен шығар. Бұл - дала тышқаны. Барлық жерде құрылыс, бишара қайда тығылсын. Ол сізден қорқып қашып кетті», - деп жазды оқырмандар.