«Қарағанды-Балқаш» автожолынан ақау шықты – Антикор
30 тамызға дейін ақау шыққан жер қайта жөнделеді
Шет ауданының маңындағы «Қарағанды – Балқаш» автожолының учаскесіне мониторинг жүргізу барысында ақаулар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысында «РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы» республикалық маңызы бар трассасын, «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» учаскелерін қоса алғанда, Жамбыл облысымен шекараға дейінгі сегіз автомобиль жолының құрылыс барысы талданды.
Ақаудың негізгі себебі – жабынның төменгі қабаты бойымен ауыр жүк көлігінің қозғалысынан түсетін жүктеме.
«Жол пайдалануға берілмеген, жұмыстар жалғасуда. Кемшіліктерді жоюды түрік қосалқы мердігерлері өз мойнына алды. Ақаулар жойылды және сынақ нәтижелері стандарттарға (ҚР СТ 1225-2019 ) сәйкес келеді», - деп хабарлады Антикор.
Жабынның жоғарғы қабатын 2024 жылғы 30 тамызға дейін аяқтау және жолды 30 қарашаға дейін абаттандыру тапсырылды.