Марқұм 45-50 жас шамасында
Өскеменде саяжай алабына жақын жерден 45-50 жас шамасындағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әйелді өлтіргені үшін айыпталған 56 жастағы бұрын сотталған ер адамды ұстады», - деді полиция.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.