Алматыда 11 жастағы бала орға түсіп кетті (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Алғашқы медициналық көмек көрсетілді

Фото: видеодан скриншот

Алматыда 11 жастағы бала орға түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«112 пультіне Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туылған бала құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келген ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты», - делінген ТЖМ.

Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.