$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық оқушылар Грекияда ел намысын қорғайды (ВИДЕО)

26-29 қыркүйекте Афинада өтетін жарысқа 11-12 сынып оқушылары қатысады

Алматыда FIRST GLOBAL Challenge робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадаға ұлттық іріктеу өтті. Оған 190-нан астам елдің жас инженерлері қатысып, бақ сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кей өңірлерде іріктеу онлайн режимде өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстаннан 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстан мен БАӘ-ден командалар қатысты. 

Дүниежүзілік кезеңге қатысуға алматылық ФМБ НЗМ-нің Сristabol командасы жолдама алды. Команда құрамында 11-12 сынып оқушылары Досжан Дайран, Нұржан Көкеев, Әлфия Байжақып, Дастан Қадылбек және Ердәулет Түргенбаев бар.

Чемпионатқа робототехника, зымыран, дрон және жасанды интеллект бағыттары бойынша 1500-ден астам қатысушылар мен қонақтар жиналды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл сала бойынша Қазақстан – екі дүркін әлем чемпионы. Жас қазақстандықтар 2022 жылы Женевада әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Сингапурдағы жарыста екінші мәрте жеңіске жетті.

First Global Challenge дүниежүзілік кезеңі Афинада 2024 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары