Қытайдың күміс жүлдегері мұқтаж әке-шешесінің дәмханасындағы даяшы қызметіне қайта оралды (ВИДЕО)
Оны кафеге келген қонақтар видеоға түсіріп алған
Қытайлық гимнаст Яцинь Чжоу Олимпиада медалінен кейін даяшы болып жұмысқа қайта оралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Гимнаст Яцин Чжоу 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының финалында күміс медаль жеңіп алғаннан кейін отбасылық кеспе кафесінде даяшы болып жұмысқа қайта оралды.
Мейрамхана қонағы клиенттерге қызмет көрсететін гимнасшыны түсіріп алған.
Әлеуметтік желі қолданушылары спорттағы осы жеңісіне қарамастан, Яцин көмекке мұқтаж анасы мен әкесі туралы ұмытпайтынын атап өтті.
Париж Олимпиадасында алтын мен қоланы Италиядан келген гимнастшылар Алиса д'Амато мен Манила Эспозито алды, ал 18 жастағы қытайлық спортшы Чжоу Яцин күміс жүлдеге ие болды.
Марапаттау рәсімінде оның қарапайымдылығы әлемді сүйсіндірген еді. Италия спортшылары медальдарін тістеп, камералардың алдында суретке түскенде, қытайлық бойжеткен шын жүректен таңданып, олардың артынан осы әрекетті қайталаған. Бұл әрекетінен кейін қытайлық гимнастшы жұлдызға айналған еді.