19.08.2024, 02:00
Оқиғалар
Германияда шолу шеңберінен өрт шығып, 65 адам зардап шекті
Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
Фото: depositphotos.com
Германияда өтіп жатқан Highfield музыка фестивалі кезінде шолу шеңберінен өрт шығып, 16 адам ауруханаға түсті. Соңғы деректер бойынша, зардап шеккендер саны 65-ке жетті. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап, DPA ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шолу шеңберіндегі өрт Лейпциг қаласына жақын жерде сенбі күні кешкісін болған. БАҚ өкілдері алғашында 30 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Зардап шеккендердің 4-уі күйіп қалғаны, біреуі құлаған кезде жарақат алғаны айтылады. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
