Астанада такси жүргізушісі мен жолаушы әйел арасындағы жанжалдың видеосы тарады

Azattyq Rýhy

Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды

Астанада такси жүргізушісі мен жолаушы әйел арасындағы жанжалдың видеосы тарады
Бейнеден кадр

Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі ұялы телефон камерасына жолаушымен болған жанжалды түсіріп алған. Бейне әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Масқара, достар, Бұл Астана, Жеңіс көшесі 72 үй», - делінген роликке түсіндірмеде.

Кадрларға қарағанда, жүргізуші жолаушыны басқа жерден түсіргеннен кейін екеуінің арасында жанжал өршіген. Ашуланып жүргізушіге қарай қол сілтеген әйелдің жанында кішкентай баласы бар екені көрінеді. Жанжал барысында жүргізуші жолаушы әйелді балағаттайды.

Елордалық полиция департаменті жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туралы хабарлама «102» арнасына келіп түскенін хабарлады.

«Оқиғаға қатысушылар іс жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Екі тарап бір-біріне арыз берді. Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.