Атақты «ЖенПИ»-дің қыздары 18 миллион теңгенің төсегіне жатады

Темірхан Айжан

Оқу орнының қазір атауы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 

Атақты «ЖенПИ»-дің қыздары 18 миллион теңгенің төсегіне жатады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 18 миллионға 300 кереует сатып алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәлімет бойынша, оқу орны 300 төсек сатып алуға тендер жариялаған. Әр төсектің құны 60 мың теңге тұрады. Бес күннен кейін университет студенттеріне арнап кереует дайындайтын тұлғаның аты анықталады.

Тапсырыс бойынша, кереуеттердің көлемі 1680х870х1970 мм, кемінде жатын орын мөлшері 1900х800 мм болады, қаңқасы темірден жасалады.

Айта кетсек, ҚызПУ-ды 2021 жылдан бері Болашақ түлегі Гүлмира Қанай басқарады. Бұрынғы басшысы Гаухар Алдамбергенова сыбайластарымен университтетің 9 гектар жерін сатып, мемлекетке 95,5 млн теңге шығын келтіргені үшін 7 жылға сотталған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.