15.08.2024, 21:00
Оқиғалар
Шымкентте көлік жүргізушісі жас қызды қағып кетті
Апат салдарынан 20 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды
Видеодан алынған кадр
Шымкент қаласының «Тараз» шағын ауданындағы Жәнібеков көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жас қызды қағып кеткен.
Апат салдарынан 20 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын анықтайды.
Тұрғындар бұл жерде жол-көлік оқиғаларының жиі болып тұратынына шағымдануда. Жол екі үлкен трассаны байланыстырады және бұл көшеде көп көліктер жоғары жылдамдықпен қозғалады.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды