Павлодарлық әке 6 жастағы қызын көшеде ұрып-соққан

Молдатай Сымбат

Ер адам профилактикалық есепке алынды

Павлодарлық әке 6 жастағы қызын көшеде ұрып-соққан
Фото: видеодан скриншот

Павлодарда алты жастағы қызын басынан тоқпақтап ұрған әке полицияда жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша, куәгерлер ер адамның мас болғанын айтқан.

«Көрсетілген мекенжайға бала тіркелген қорғаншылық органдары мен мектеп қызметкерлері бірден шақырылды. Талқылау барысында заңды өкіл – ана жұбайына қатысты шағым жазудан және одан әрі талқылаудан бас тартты. Әкесінен алкоголь ішкені анықталған жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анасы шағым жазбағанына қарамастан, қыздың әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2 тамызда материал сотқа жіберілді.

«Кәмелетке толмаған қыздың қауіпсіздігі мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды. Қыздыі әкесі профилактикалық есепке алынды», - деп хабарлады полиция.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.