Бұрын сотталған ер адам баланы аяусыз өлтірген
Ресейдің Чапаевск қаласында қаскөй 2 жасар қыз баланы ұрлап кетіп, зорлап, өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Fedpress басылымына сілтеме жасай отырып.
36 жастағы ер адам сәбиді жер үйдің ауласынан ойнап жүрген жерінен ұрлап кеткен. Бірнеше минутқа шаруаға айналған баланың әжесі әп-сәтте көз жазып қалады. Қаскөй баланы зорлап, өлтіріп, денесін қараусыз қалған үйдің ішіне тастап кеткен.
«11 тамызда ес-түзсіз жатқан кішкентай қыз бала қалалық аурухананың реанимациясына жеткізілді. Баланың жарақаты көп болды, дәрігерлер оның өмірі құтқарып қала алмады», - деді тергеушілер.
Күдікті қазір екі бап бойынша тергеліп жатыр. Баланы жерлеу рәсіміне бүкіл қала тұрғыны келген.