Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға маусым айының соңында болған. Павлодар тұрғыны бұрынғы күйеуі оны ұрып-соққанын айтып, полицияға шағымданған. Құқық қорғау органдары әйелдің денсаулығына жеңіл зиян келтіргенін көрсететін сот-медициналық сараптама тағайындады.
Қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 7 тамызда іс Павлодар қаласының сотында қаралды. Сот қаулысымен ер адам Павлодар пробация қызметіне профилактикалық есепке қойылып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.