Көбіне ерлер арасында тарайтын ауру әлемге жайылуы мүмкін – ДДҰ дабыл қақты
Дертке шалдыққан 100 адамның төртеуі өлім құшады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Африка құрлығының кейбір елдерінде қатты өршіп тұрған mpos вирусын халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC - ге сілтеме жасай отырып.
Бұрын маймыл шешегі деп аталған жұқпалы mpos инфекциясы алғашқы өршу кезінде Конгодағы 450 адамның өмірін жалмады. Ғалымдар қазіргі кезде қауіпті дерттің Орталық және Шығыс Африка елдерінде өте тез тарап, адам өліміне әкеліп жатқанына алаңдаулы.
ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус вирустың Африка мен одан тыс аумақтарға тарап кету қаупі барын айтады.
«Бұл вирустың өршуін бәсеңдету үшін біріккен халықаралық шара қолдану керек», - деді ол.
Mpox жақын қарым-қатынас арқылы, жақын тұрып сөйлесу, тыныс алу арқылы жұғады. Сырқаттың белгілері тұмауға ұқсайды, онымен ауырған 100 адамның төртеуі қайтыс болады.
2022 жылғы шілдеде mpos инфекциясының Clade 2 штамы 100-ге жуық елде, оның ішінде Еуропа мен Азияның кейбір мемлекеттерінде табылды.
ДДҰ мәліметінше, сырқат өршіген уақытта 87 мың адам жұқтырып, оның 140-ы көз жұмған. Маймыл шешегін кез-келген адам жұқтыруы мүмкін, бірақ көбіне ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар арасында көптеп кездеседі. Қатты өршіген ауруды вакцинаның көмегімен қалыпқа келтірген болатын.