Оралда эпилепсиямен ауыратын балаға алғаш рет күрделі ота жасалды
Операцияны еліміздің үздік мамандары бірлесе жасады
БҚО көпбейінді балалар ауруханасында эпилепсияның фармакоға төзімді түрімен ауыратын 6 жастағы балаға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
МойГород жазуынша, операция сәтті өтті.
Эпилепсиямен ауыратын бала күніне бірнеше рет талады, конвульсиялық ұстама жиі қайталанады. Ем ретінде тағайындалған дәрі-дәрмектер әсер етпейді. Сондықтан күрделі отаға жатқызуға тура келді. Қазіргі уақытта кішкентай пациенттің денсаулығы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы дәрігерлерінің қатаң бақылауында.
«Отаны «ҚР балалар нейрохирургтары қоғамы» ҚБ президенті, №2 Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасының жоғары санатты дәрігері Азамат Жайлғанов және БҚО бас штаттан тыс балалар нейрохирургі Айбек Ахатов өткізді. Операцияға Алматы қаласының жоғары санатты эпилетолог-дәрігері Яна Акчурина және невролог-эпилептологтар Мирдана Кузенбаева мен Тоғжан Аманжолова, Ақтөбе және Қызылорда қалаларынан келген балалар нейрохирургтары қатысты», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Вагус нервінің стимуляторы (VNS) ұстамалардың жиілігі мен қарқындылығын төмендету үшін эпилепсияның фармакоға төзімді түрі бар балаларға орнатылады. Енді осындай операцияларды жергілікті балалар нейрохирургтары жоспарлы түрде жүргізеді.