Маңғыстау облысында жаңа туған сәбидің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың анасы іздестіріліп жатыр

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында жаңа туған шақалақтың өлі денесі табылды, деп жазады «Тумба» поралы. Полиция департаментіне бұл ақпарат 3 мамыр күні кешке келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен шұғыл тергеу тобы ақпаратты растап, мәйітті сот-медициналық экспертизаға өткізген.

«Қазіргі таңда баланың анасын табу үшін шұғыл іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Тәртіп сақшылары әзірге тек қылмыстық істің қозғалғанын және сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын ғана айтты.