Павлодарда өлімші етіп сабалған жас жігіттің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болған адамның шамамен жасы 25-те болған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайнға сілтеме жасап.

Жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Бұл жағдайды Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы растады.

«Шақыру 11 тамыз күні сағат 04.48-де түсті. Астана көшесі 18 мекенжайы бойынша көшеде ер адам ұрып-соғылған. Оқиға орнында медицина қызметкерлері 20-25 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растады», - деп хабарлады 103 баспасөз қызметі.