Астанада пәтерде шыққан өрттен 15 жастағы қыз құтқарылды

Автор: Молдатай Сымбат

Жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған

Фото: ТЖМ

Бүгін Астана қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатындағы пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған.

«3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.