$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2020, 22:30
Оқиғалар

Алматы облысында әскери ұшақ бауырымен қонды

Ұшақтың шассиі шықпай қалған

Алматы облысында әскери ұшақ бауырымен қонды

Әскери ұшақ Алматы облысы Жетіген ауылының әуежайына апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай қалғанын айтты.

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен әуежайға жедел жәрдем мен құтқарушылар жіберілді, бірақ олардың көмегі қажет болмады. Қазір жолаушылар және әуе кемесінің экипажы эвакуациялануда», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыдан бірер сағат бұрын блогер Денис Кривошеев Нұр-Сұлтан көгінде әскери ұшақ апатты жағдайға тап болғанын және қона алмай қалықтап жүргенін жазған болатын.

«Нұр-Сұлтан-Ақтөбе рейсі, С-295 әскери борты. Ұшу уақыты 16:56. Әуеде айналып жүр. Ол көбікке қонады. Алдыңғы шасси шықпады. Жетігенге барады», - деп жазды ол.

Апатты жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі әзірге қандай да бір ресми ақпаратпен бөліскен жоқ.

Серіктес жаңалықтары