09.08.2024, 17:37
Оқиғалар
Алматыда тамағына темір істік кіріп кеткен 9 жасар бала ауруханадан шықты
Балаға 1,5 сағат операция жасалған болатын
Фото: скриншот
Алматыдағы дәріхана қоршауының темір істігін тамағына кіргізіп алып, ауыр жарақат алған бала 9 тамызда үйге шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған.
«Тігістер алынып, жаралар жазылды, барлық органның қызметі толығымен қалпына келді. Қазір бала тұрғылықты жері бойынша емханада амбулаторлық бақылауда», - деп хабарлады денсаулық басқармасынан.
Хирургтар баланың тамағынан 10 см темір істікті шығарған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда жас бала велосипед теуіп келе жатып, аурухананың темір қоршауына соққан. Жергілікті әкімдік нысан иесімен қоршаудың көзін жою туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеген.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды