Әкім халықпен кездесіп тұрғанда осындай дөрекілікке жол берген
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен кездесу кезінде полиция қызметкеріне жекіп сөйлегені видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ей, дауысыңды көтермей сөйле. Қалай-қалай сөйлейсің. Жақындама, әрі тұр», - дейді ол.
Видеоға пікір жазушылардың көпшілігі әкімді жақтаса, кейбірі даттаған.
«Мәдениетсіз әкім екен. Халықты қорғап тұрса да, ол әдемі сөйлеп үлгі көрсетуі керек еді. Халықтың көзінше қандай формада тұрса да олай сөйлемеуі керек», - деп жазды олар.