«Әйелін көтерудің орнына мініп алғаны несі» - ұлды боламын деп қуанған әкенің қылығы сынға ұшырады

Темірхан Айжан

Сәби күтіп жүрген жұп «гендер пати» жасаған

«Әйелін көтерудің орнына мініп алғаны несі» - ұлды боламын деп қуанған әкенің қылығы сынға ұшырады
Фото: скриншот

Ұлды болатынына қатты қуанған әке жүкті әйелінің үстіне секіріп мініп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеода көргеніміздей, бала күтіп жүрген жұп іштегі сәбидің жынысын анықтау үшін жер үйдің жанында «гендер пати» жасаған. Болашақ әке ішінде «тосын сый» жасырынған допты теуіп кеп қалғанда, доп жарылып көк бояу бұрқ ете қалады. Ер адам қуанғаннан әйелін құшақтаймын деп секіріп, үстіне мініп алған.

Желі қолданушылары оған түрлі пікір жазып қалдырған.

«Әйелін көтерудің орнына мініп алғаны несі», «Аман-есен босанып алсын, еркек қуанды екен деп әйелінің үстіне секіріп, түсіп қалса не болады? Көтеріп алса жарайды, мынауың енді ессіздік», «Әйелі өзі шошып кеткен сияқты, өзіне атылып секіреді деп ойламаған шығар», - деп жазған көпшілік.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.