08.08.2024, 12:14
Оқиғалар
Павлодарда жас жігіт 16 қабатты үйден секіріп мерт болды
Қылмыстық іс қозғалды
Фото: t.me/kerekpv
Павлодарда ер адам 16 қабатты үйдің оныншы қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Pavlodarnews.kz хабарлауынша, 103-ке қоңырау сағат 03:33-те түскен. Шамамен 25 жастағы ер адам Назарбаев көшесі, 50 мекенжайындағы 16 қабатты үйдің шамамен оныншы қабатынан секіргені туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер оның мерт болғанын хабарлады.
«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі Аzattyq Rýhy агенттігіне берген түсініктемесінде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «суицидке жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
