Француз жеңіл атлеті Олимпиаданы аяқтағаннан кейін жігітіне ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Ол мәреге төртінші болып жетті

Француз жеңіл атлеті Олимпиаданы аяқтағаннан кейін жігітіне ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Фото: Hannah Peters/Getty Images

Франциялық 33 жастағы жеңіл атлет Алис Фино 3000 метрге жүгіруден жарысын аяқтағаннан кейін сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

RMC Sport хабарлағандай, турнирдің алдында Фино өзіне шарт қойған. Егер ол тоғыз минуттан жылдам жүгірсе, жігітіне ұсыныс жасамақшы болған.

Француз әйел 8.58,67 есебімен төртінші болып жарысты аяқтады. 2008 жылдан бері жалғасып келе жатқан Еуропаның жаңа рекордын (Бахрейн, Уганда және Кениядан келген қыздар медаль иегерлері болды) жаңартты.

Спортшының айтуынша, тоғыз - оның бақытты саны. Ол күйеужігітпен тоғыз жыл қарым-қатынаста болған.

«Мен барлығы сияқты істегім келмеді. Ол әлі ұсыныс жасаған жоқ. Сондықтан мен бұл маған байланысты болуы мүмкін деген ойға келдім», - деді Алис Фино.

«Стад де Франс» стадионында жеңіл атлет өзінің сүйіктісі тұрған стендке жүгіріп барып, тізерлеп өмірлік жары болуына ұсыныс жасады. Ер адам «иә» деп жауап берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.