Қарағандыда 85 жастағы зейнеткер алаяққа 17 мың АҚШ долларын берген
Бұл іс бойынша әзірге дропперді қолға түсіру мүмкін болды
Қарағандыда 14 қылмысқа қатысы бар дроппер 3,5 жылға сотталды. Сонымен қатар, ол 41 млн 853 мың теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Қарағандыда 31 жастағы ер адам ұсталды. Дроппер болып қызмет көрсеткен ол соңғы рет алдын ала сөз байласу арқылы қаланың 85 жастағы тұрғынын алдаған.
«Егде жастағы әйел қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі екендігі және жағдайды шешу үшін қолма-қол ақша қажет екендігі туралы хабарлама алады. Дроппер жәбірленушінің үйіне келіп, зейнеткердің өмір бойы жинаған ақшасы – 17 мың АҚШ долларын алады. Бұл соманың 10%-ын ұсталған адам өзіне қалдырып, қалған соманы белгісіз адамның банктік шотына аударған», - деп хабарлады полиция.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлер дроппердің тағы 14 ұқсас қылмысқа қатысы барын анықтады. Залалдың жалпы сомасы 42 млн теңгені құрады.
«Барлық анықталған фактілер бойынша тергеу дәлелді негізге ие болды. Сот шешімімен дроппер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталған адамға жәбірленушіге келтірілген залалды – 41 млн 853 мың теңге төлеуге міндеттелді», - делінген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енді.