Қостанайда 168 млн теңгенің темекісі жойылады (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

4 адам сот алдында жауап берді

Фото: видеодан скриншот

Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу фактілері тіркелді,. Заңсыз сатылымға шығарылған темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, жүргізілген рейд барысында сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары анықталды.

«Заңсыз қызметті жүзеге асырған 4 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді. Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады. Барлық тәркіленген өнім жойылады», - деп хабарлады агенттік.

Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды.