08.08.2024, 07:49
Оқиғалар
Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді
Фото: istockphoto.com
Самара - Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласы аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, жүк көлігі мен Toyota Ipsum соқтығысқан кезде бір адам көз жұмды, тағы біреуінің жағдайы белгісіз.
«Жеңіл көлік ішінде барлығы 5 адам болған. Оның үшеуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді», — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жол-көлік оқиғасына қатысты өзге ақпарат таратылмады. Әлеуметтік желі арқылы тараған видеоға қарағанда жеңіл көлік жүк көлігінің астында қалған.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті