Оралда 47 жастағы жұмысшы көпірден құлап, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Оралда 47 жастағы жұмысшы жаяу көпірден Шаған өзеніне құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармадан түскен мәліметке қарағанда, жұмыс беруші мекеме – «Батыс Ақжол Строй» ЖШС-дан металл конструкциялары монтаждаушысының жазатайым қазаға ұшырағаны жөнінде хабарлама түскен.

«Осыған байланысты басқарма жазатайым оқиғаны арнайы тексеру үшін комиссия құрады. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары анықталатын болады», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі кезде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.