Алматы облыстық AMANAT партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

Azattyq Rýhy

Ерлан Жакупов партиялық жұмыста мол тәжірибеге ие

Алматы облыстық AMANAT партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды
Фото: t.me/amanat_almaty_oblysy/

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы болып Ерлан Жұмашұлы Жакупов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерлан Жакупов 1987 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. Мамандығы бойынша құқық бакалавры, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Ол Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысы әкімдерінің аппараттарында әр түрлі лауазымда жұмыс істеген. Сондай-ақ, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.

Ерлан Жакупов партиялық жұмыста да мол тәжірибеге ие. Ол Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. Атқарушы хатшы болып тағайындалғанға дейін ол Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.