Ата-анасы оны қараусыз қалдырған
Шығыс Қазақстан облысында жазатайым оқиға бола жаздады. Құтқарушылар сынық терезеден қарап отырған 5 жастағы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тұрғын үйдің үшінші қабатының сынған терезесінде баланы байқаған куәгерлер құтқарушыларды көмекке шақырды. Келген қызметкерлер үш иінді сатыны орнатып, терезеде жалғыз отырған бес жасар қызға жетті. Пәтерде ешкім болған жоқ, кіру есігі құлыптаулы.
Құтқарушылар баланы биіктіктен абайлап түсіріп, мән-жайларды анықтау үшін учаскелік полиция бөліміне тапсырды», - деп хабарлады ТЖД.
ТЖМ ата-аналардан қырағылықты арттыруды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.