Қазақстанда тағы 44 адамнан коронавирус анықталды
4 мамыр сағат 09:20 бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында – 6, Шымкент қаласында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 12, Ақтөбе облысында – 7, Атырау облысында – 3, Жамбыл облысында – 3, Қарағанды облысында 4 адам бар. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 964 адам анықталды. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы – 698
Алматы қаласы – 1291
Шымкент қаласы – 212
Ақмола облысы – 100
Ақтөбе облысы – 160
Алматы облысы – 149
Атырау облысы – 184
Шығыс Қазақстан облысы – 29
Жамбыл облысы – 152
Батыс Қазақстан облысы – 186
Қарағанды облысы – 159
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 214
Маңғыстау облысы – 65
Павлодар облысы – 150
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 135.