Полиция күдіктіні ұстады
Астанада полиция субұрқақ саптамаларын қолды қылған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түнгі уақытта елорда саябағының бірінде белгісіз ер адам субұрқақтың үш дана саптамасын ұрлап әкеткен, осылайша 1 млн теңгеден астам көлемде материалдық шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адамды анықтады. Ол субұрқақ саптамаларын металл қабылдау пунктіне өткізгенін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.