Құны 2 миллиард теңге тұратын есірткі заттары жойылды (ФОТО)

Автор: Azattyq Rýhy

8 күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шілде айында Астана және Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды. «Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, аталған қылмысты жасады деген күдікпен 8 адам ұсталды. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары. Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ҰҚК.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.