Елордада төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде

Фото: depositphotos.com

Елордада төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін Астана қаласының Сарыарқа ауданында орын алды.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.

ТЖМ тағы да еске салады:

  • бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
  •  терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
  • терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
  • москит торлары құлап кетуден сақтамайды.