$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2024, 09:45
Оқиғалар

Таиландтан есірткі ала келген екі қазақстандық ұсталды

Оларға қатысты сот үкімі шықты

Таиландтан есірткі ала келген екі қазақстандық ұсталды
Фото: polisia.kz

Халықаралық әуе рейсінің 2 жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар – Алматы және Көкшетау қалаларының 26 жастағы тұрғындары. Пхукет-Алматы бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген. Есірткіні алып өтпек болғаны үшін Алматы қаласы әуежайында ұсталды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушыларда есірткі заты бар екендігі туралы белгі берді. Тексеру барысында олардан гашиш, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Ұсталғандар өз әрекеттерінің заңсыз екендігін біле тұра, Таиландта демалыс кезінде есірткі сатып алып, жеке тұтыну үшін сөмкелерінде сақтаған», - деп хабарлады полиция.

Көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімдеріне сәйкес, Көкшетау қаласының тұрғыны 1 жыл 9 ай мерзімге қамалды. Алматы қаласының тұрғыны 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары