$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Гомосексуал болып туған баланы емдеу мүмкін емес – ЛГБТ жақтасы Евгений Жовтис

Ол ЛГТБ-ны насихаттауға қарсы петицияны қабылдаудың мағынасы жоқ деген пікірде

Гомосексуал болып туған баланы емдеу мүмкін емес – ЛГБТ жақтасы Евгений Жовтис
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандағы құқық қорғаушы Евгений Жовтис ЛГБТ-ны насихаттау петициясын жария талқы кезінде петицияға қарсы екенін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Балалар гомосексуал болып туады. Ол - биологиялық ерекшелік. Олардың пайызы 2-4 пайыздан аспайды. Сексуалдық ерекшелік пен гендерлік бірегейлік насихаттың қорытындысы емес. Оны алкоголь мен есірткіні насихаттау сияқты тоқтатуға болмайды. Адамдар өмірге әртүрлі болып келеді. Ғалымдар да оны дәлелдеді», - дейді Евгений Жовтис.

Алайда сарапшы сөйлеп жатқан кезде залда отырғандар шулап, модератордың сөзін тыңдамай, спикердің баяндамасын тоқтатуды талап етті. Алайда, модератор залды тыныштық сақтауға шақырып, талқылауға қатысып отырғандарға кейін сөз берілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ЛГБТ #петиция