31.07.2024, 12:01
Оқиғалар
Балалы ер адамды соққыға жыққан боксер Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтады
Екі тарап татуласқан
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев
Ішкі істер министрлігі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істің тоқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтады», – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, 2023 жылдың маусым айында Астанадағы сауда орталықтарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменов төбелескен еді. Желідегі төбелестің видеосы тарады. Видеодан Шүменов қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы