Алаяқтықтың 16 дерегі: ауылдастарынан 140 миллион теңгені алдап алған тұрғын ұсталды
30 жастағы ер адам қамауға алынды

СҚО-да криминалдық полицейлер ірі көлемдегі шығынға бағаланған бірнеше алаяқтық әрекетін жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тайынша ауданының 30 жастағы тұрғыны 16 эпизод бойынша күдікті деп танылды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
«Бұрын сотталмаған ер адам ауылдастарынан алаяқтық жолмен үлкен сомадағы ақшаны иемденген. Жалпы шығын 140 миллион теңгеге жуықтады», - деп хабарлады полиция.
Полицияға Тайынша ауданының тұрғындарынан 2022 жылдың жазынан 2024 жылдың мамырына дейін олардың ортақ танысы несиеге алған ақшаны алдап иемденгені туралы бірнеше арыз түскен.
Күдікті барлық эпизодта оның ауыл шаруашылығы саласында ірі бизнесі бар екенін айтып, әр түрлі сылтаумен оның дамуына несие алып беруін сұраған. Адамдар оның айтқанына сеніп, банктердің мобильді қосымшалары арқылы несие алып берген, кейін сол ақшаны күдікті көрсеткен шотқа аударған. Бірақ уақыт ер адам ақшаны мүлдем қайтармаған.
«СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған күдіктінің алаяқтықтың басқа ұқсас эпизодтарына қатысы бар болуы мүмкін», – деп нақтылады СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.