Астаналық бойжеткен Бурабайда квадроциклмен аударылып, қаза тапты
19 жастағы қыз демалуға барған

Астаналық бойжеткен Бурабайда квадроциклмен аударылып, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 27 шілдеде Үлкен Чебачье көлінің жанындағы бұрылыста болды. 19 жастағы қыз көлікті басқара алмай, аударылып кеткен. Ол ауруханада көз жұмды.
«Қылмыстық іс тіркелді. Апат 27 шілдеде курорттық аймақ аумағында болды. Астанадан келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттінің бірінде X5 Classic маркалы квадроциклді жалға алған. 19 жастағы жүргізуші транспортты басқара алмай, көлік бұрылыста аударылған. Апат салдарынан жарақат алған жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды», - деп хабарлады ПД.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«ҚР ҚК 306-бабы 3-бөлігі бойынша жеке сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында (тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) анықтаушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуына квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметін тексереді», - деді полиция.