Министр өнертапқышпен кездесуге қарсы емес
Экология министрі Ерлан Нысанбаев өнертапқыш Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясына сенуге болмайтынын айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлемдегі ауа-райы болжамымен айналысатын ғалымдар мен мекемелер иондау тәсілін зерттеген. Олардың қорытындысы бойынша, бұл адам сеніңкіремейтін, нақты дәлелі жоқ тәсіл. Бұған көп сене беруге болмайды», - деді ол.
Министр таяуда еліміздің оңтүстік аймақтарына тоқтаусыз жауған жаңбырды синоптиктер алдын-ала болжаған дейді.
«Гидромет болжамы бойынша сол күндері жаңбыр жаууы керек болатын. Алғашқы он күнге берілген болжам әркез нақты болады», - деді ол.
Сондай-ақ Нысанбаев Айнабекпен жеке кездесіп, сөйлеспегенін айтты.
Бұған дейін редакция тілшісі шіліңгір шілдеде толассыз жауған жаңбырдың Алтай Айнабектің технологиясына қатысы бар, жоғын сұрап білген еді.