51 жастағы тұрғын ұсталды
Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан 281 түп сора тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
«Жедел уәкілдер оның үйіне тінту жүргізу барысында үйінің алдына егілген 281 есірткіге ұқсас өсімдікті тауып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның сора екенін растады», - деп хабарлады полиция.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.