$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2024, 11:01
Оқиғалар

Алматыда премиум санатты тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Graff ТК рұқсат құжаттарынсыз салынған

Алматыда премиум санатты тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз салынып жатқан кезекті тұрғын үй кешені сүрілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Graff ТК Ерменсай шағын ауданында үш жер учаскесінде рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылған.

«2023 жылғы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама беріп, әкімшілік шаралар қабылдады. Ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берілді. Өткен жылдың 24 шілдесінде аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды», - делінген хабарламада.

Нысан 29 шілдеде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла басталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басынан бері Алматыда 40 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара бұзылған, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма гарден» сияқты тұрғын үй кешендері бар.

Серіктес жаңалықтары