30.07.2024, 04:00
Оқиғалар
Семейде аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиянды қолды қылған ұры ұсталды
Зардап шегушінің әмиянында 31 мың теңге болған
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Абай облысында аялдамадағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Семей қаласындағы аялдамалардың бірінде 53 жастағы күдікті облыс тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап кеткен.
Әйелдің әмиянында 31 мың теңге болған.
«Қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды